ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Бүгін "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында мектеп кітапханасында 6 "Б" сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Балалық шақтың жыршысы" атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеште "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіліп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина ойыны өткізілді.
"Бәйтерек" өлеңі оқылды. "Балалық шақтың жыршысы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
"Жасыл мектеп" жобасы бойынша көктемнің алғашқы айында мектебіміздің гүлдерін күтіп бағу , оқушыларды еңбекке баулу мақсатында 5-7 сыныптар арасында “Гул-сұлулық символы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Оқушылар мектептің гүлдерінің түбін қопсытып, тазалау жұмыстарын жүргізді.