Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт.
Наурыз әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ сыйласын!
І/т: 5 "А", 5 "В", 6 "Г", 7 "В" сыныптары.
  
 
⚜️Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Балалар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсетіп, ән айтып, би билеп, түрлі ұлттық ойындар ойнады.
Әр бала Наурыздың шапағатын сезініп, бұл мерекенің мәні мен маңызын ұғынды. Осындай шаралар арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа ырыс пен береке әкелсін!

"Ата салтың - Алтын қазынаң".
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел.
Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
Қазақ халқы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді қастерлейді.
Бесікке салу, ат қою, тұсаукесер, тілашар, наурыз бата, сүйінші сұрау, көрісу осындай салт-дәстүрлер бойынша 6-сынып және 10 "А", 11 "В" сынып оқушылары сахналап, көрініс көрсетті.
 
 
🔰Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде «Мектепте инклюзивті орта қалыптастырудың маңызы» тақырыбындағы қалалық семинар - практикум
2025 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 61 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде Білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
№61 мектеп – лицейі келген қонақтарды «Шабыт» оркестрінің сүйемелдеуімен «Сарыарқа», «Балбырауын», «Жұмыр қылыш» күйлерімен қарсы алып Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен таныстырды.
Семинарда педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ, білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісіндегі пән мұғалімдердің ашық сабақтары арнайы мамандардың КПИО педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығында «ArtikMe» смарт айна (ақылды айна), инклюзивті білім беруде оқушыларға Нейро жаттығудың пайдасы, саз балшықпен жұмыс, психологтардың бөліскен іс-тәжірибелері оң нәтиже көрсетті.
Жалпы семинар инклюзивті орта қалыптастырудағы әкімшілік, ата-ананың, педагогтің, арнайы мамандардың рөлдері бойынша төрт бөліммен жоспарланған.
Жоспарланған жұмыстар теориямен басталып практикамен ұштасып, өз мақсатына жетті.
Семинарға жиыны 111 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.