Сегодня: 15.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
♟Шахматтан қалалық жарыста Ү разряд қорғауда мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
І орын - Тасболат Тимутшын 3 "Б" сынып оқушысы;
І орын - Нұрлан Ақназар 1 "Б" сынып оқушысы;
ІІ орын - Нишанбек Тамерлан 3 "А" сынып оқушысы.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
  
Pro eco республикалық конкурсының қалалық кезеңінде "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Нурмаханов Жангелді жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Пакизеева Айкерим Егембердиевна.
Алар асуларымыз көп болғай! 🙌🏻
📘Бүгін "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында мектеп кітапханасында 6 "Б" сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Балалық шақтың жыршысы" атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеште "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіліп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина ойыны өткізілді.
"Бәйтерек" өлеңі оқылды. "Балалық шақтың жыршысы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Оқушылар өте белсенді қатысты. Шара бәріне ұнады.
Ұлттық ойын күн. "Ұлы дала тарланы" ұлттық спорт ойыны.
-Арқан тартыс ойынынан:
І орын - 8 "В" сыныбы;
ІІ орын - 8 "А" сыныбы;
ІІІ орын - 8 "Ғ" сыныбы.
-Қол күрестен:
І орын - Иса Адият 8 "В" сыныбы;
ІІ орын - Қойшебай Жарас 8 "Ғ" сыныбы;
ІІІ орын - Жұтай Нұржан 8 "А" сыныбы.
-Бес тас ойынынан:
І орын Қалқабаева Сабина 8 "Д" сыныбы;
ІІ орын Қапдым Айдана 8 "Ғ" сыныбы;
ІІІ орын Әли-Акбарқызы Ардақ 8 "Г" сыныбы.
Құттықтаймыз!!!