Сегодня: 13.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және үзілісті көңілді өткізу мақсатында 9 "Ә" сынып оқушылары сынып жетекші Ж.Б. Кәрімханованың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру мұғалімі М. А. Берикболовтың жүргізуімен қазақтың ұлттық ойыны - "Ләңгі" ойыны өткізілді.
«Ләңгі» тебу - денсаулыққа пайдалы, қызықты да, көңілді ойын түрі. Асқан шеберлік пен аяқтың ептілігін талап етеді.
Икемділікке, тепе-теңдік ұстауға, өз мақсатына жетуге баулиды.
Ереже бойынша қойдың кесіп алған бір жапырақтай терісіне қорғасыннан құйылған тиын ілініп, теуіп ойнау қажет.
Сендер бұндай ойын түрін білдіңдер ме? Ойнап көрдіңдер ме?