Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
"Мейірімділік жүректен, қайырымдылық білектен" атауымен
10 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Ешимова Нургуль Абдухакикатқызымен бірге мектептің кіші қамту қызметкерлеріне арнап ыстық тағамдарын ұсынды.
Осындай мейірімділік пен қайырымдылық аясында көптеген шаралар өткізіп тұрса, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз.
Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы үзіліс кезінде 6-сынып оқушылары арасында қол күрес ойынын ұйымдастырды.
Жеңімпаз 6 "Б" сынып оқушысы Габдолла Бекарыс.
XII ғасырдан бастау алған өзін-өзі басқару ұғымы білім саласына патшаларға, императорларға және рим папаларына бағынғысы келмеген бірінші университеттердің тәжірибесінен келген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы белсенді азаматтық тұрғыдан тәрбиелеуге және көшбасшылыққа үйренуге жақсы тәрбие ошағы болып табылады. Өзін-өзі басқару тарихы екі ғасырдың жалғасын алып жатыр. Батыста пайда болып 18 ғасырдың аяғынан бастап көптеген европалық мектептерде қолданыста бар.
9-10 сынып оқушылары «Бұл палата мектепте өзін-өзі басқару ұйымы болу керек деп есептейді..» тақырыбында пікірсайысып , өз ойларын ортаға салды.
      
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы үзіліс кезінде 5-сынып оқушылары арасында қол күрес ойынын ұйымдастырды.
Жеңімпаз 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын.
Астана қаласы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынға ие болды.
Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровна және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Алар асуларымыз биік болғай!!!
19 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған "АЛТЫН САҚА" олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің
5 "Д" сынып оқушысы Әбен Ердаулет жүлделі ІІ орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Зинәбдинова Самал Серікқызы.
5 "Ғ" сынып оқушысы Серікболұлы Нұрғажы ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абдрахманова Бакыткуль Темкеновна.
6 "Ғ" сынып оқушысы Джаныбекова Айзере ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Мизамхан Рысжан.
Құтты болсын, әріптестер! Алар асуларымыз көп болғай ??