ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
18 қараша күні 2-4 сынып оқушылары арасында Республикалық "ЗЕРДЕ" балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушыларының нәтижелері:
Қазақ тілі секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Алибай Балауса 2-орын иеленді.
Жетекшісі: Қасымжанова Гүлнұр Байбековна.
Медицина психология секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Мыңбай Ақторғын 2-орын иеленді.
Жетекшісі: Ортаева Шолпан Ермекбаевна.
Химия-биология секциясы бойынша: 3-сынып оқушысы
Ғанимет Нұрай 3-орын иеленді.
Жетекшісі: Айнур Панзарбековна
Химия-биология секциясы бойынша 2-сынып оқушысы Саят Ясмира 3-орын иеленді.
Жетекшісі: Букенбаева Замзагуль Кабдоловна.
Қолданбалы математика секциясы бойынша 3-сынып оқушысы Қыпшақбай Ерасыл 3-орын иеленді. Жетекшісі: Зейнеп Кадыровна
Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы
Бүгін мектебімізде «АЛТЫН САҚА» республикалық челленджі өткізілді.
Челлендж мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Формасы: ашық әңгіме.
Қатысушылар "Мен қандаймын?" ойыны арқылы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін айтты. "Қызға қырық үйден тыйым" баяндамасы оқылды. Сонымен қатар видео көрсетіліп, сұрақ-жауап алынып, "Банкомат" әдісі арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
Соңында «Көгершін» әдісі арқылы кері байланыста жоба басында айтылған өз бойларындағы кемшіліктерін түзеу үшін, қандай әрекет ету керектігін параққа жазып, көгершін қанатына байлады.
Ашық алаң қатысушылар үшін маңызды кездесулердің бірі болды.
"Кыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердін керкі" демекші қыздарымыз біздің болашак анамыз деп, қыздарды батырлыкқа. үяндыкка, батылдыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн.
Сарыарқа аудандық полиция аудандық учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рысбеков Алтынбек Мерекеұлы және бөлім басшысы, полиция майоры Самеков Ердаулет Нұрмаханбетұлы 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәрісте ҚР әкімшілік құқықбұзушылық заң баптарынан оқушыларға қатысты үзінділерден мысалдарды келтіре отырып, ашық сұхбат өткізілді.