Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
✍️❗️ Қызылша-әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Инфекцияның алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт - 7-14 күн.
Егер адам вакцинация алмаған болса және бұрын қызылшамен ауырмаған, бірақ науқаспен байланыста болса, онда аурудың ықтималдығы 100% құрайды.
Белгілері: температура 38-40 градус, қатты әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, кейінірек конъюнктивит пайда болады, бет, мойын және қолда бөртпе пайда болады.
Қызылша ауа тамшылары арқылы беріледі.
Қызылшаға шамалы күдік болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Қызылшаның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі - вакцинация.
  

Мектеп президентін ұлықтау рәсімі және парламент мүшелерін таныстыру сәті.

  

                                

✍️Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
Қараша айының 11-і күні 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Негізгі 11 пән бойынша өткен олимпиадаға, 9-11 сынып оқушыларынан 98 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
Олимпиада барысында оқушылар академиялық адалдық сақтады.

 

  

 

?? Бүгін мектебімізде ақын Марфуға Бектемірованың өлеңдерінен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту.
Қорытынды нәтижесінде:
І орын Адилбек Архат - 6 "Г" сыныбы;
ІІ орын Закирджанова Жулдыз - 5 "Д" сыныбы;
ІІ орын Қайдар Дария - 5 "Ғ" сыныбы;
ІІІ орын Қанат Сұңқар - 8 "Ә" сыныбы;
ІІІ орын Қанат Көркем - 5 "Д" сыныбы;
ІІІ орын Құнанбай Абылайхан - 5 "А" сыныбы.
Барлық орын иегерлері МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ мадақтамасымен марапатталды.
  
    

Астана қаласы №5 қалалық емханасының "Шуақ" жастар денсаулық орталығының психологтары 8а,8ғ сыныптарымен "Топтың бірігуі және тиімді өзара әрекеттесуді құру" тақырыбында тренинг өткізілді.