Сегодня: 15.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Мектеп оқушылары арасында Ә. Кекілбаев шығармаларын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөз мәдениетін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
"Шығармашылық жұмыс бағыты" бойынша мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Оралбаева Арнұр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Шаманова Гулим Акайдаровна.
Оқушымыздың жетістігі құтты болсын! 💐