Астана қаласы Мектепішілік және студенттік Парламентінің «Қар десанты» еріктілер эстафетасы.

Эстафета мақсаты – жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Эстафета міндеті:
• Мектеп және елорда аудандары бойынша әлеуметтік нысандарының алаңдарын қардан тазарту;
• Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
• Өзге де қоғам мүшелері мен өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.