2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы Астана қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы № 61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК үшін жағымды жаңалықтар мен жеңісті,жемісті толағай табыстарға толы жыл болды. Академик Қаныш Сәтбаев: «...Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді»-деп айтқандай оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың еңбектері өз нәтижесін берді. Ұстаздар еңбегіне тоқталып өтсек:
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаментінің прокуроры В.Ли және Алтынбай Айжан Алматқызы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізді.
Челленджді орыс тілі бірлестігінің мұғалімі Акимбекова Орал Жакеновна қабыл алып, ағылшын тілі бірлестігіне жолдады.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Ермағанбет Бауыржан Ғалымжанұлы қазақ тілі және әдебиет пәні, тарих, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі бірлестіктерінің ұстаздарына ТАРИХИ ТОЛҒАУ челленджін жолдайды.