Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
?Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің туризм мен өлкетану орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық конкурсы өткізілген болатын.
Конкурс қорытындысы бойынша мектебіміздің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
▪️«Сөнбес жұлдыз» бағыты:
10 «Б» сынып оқушысы Сейтжан Арман жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: Бекеева Айгүл Есенгелдіқызы.
▪️«Туризм, спорт, демалыс» бағыты:
11 «А» сынып оқушысы Кабдулманова Риза жүлделі ІІ орын. Жетекшісі: Сагиева Гүльайм Кумарбековна.
▪️«Табиғат және экология» бағыты:
5 «Д» сынып оқушысы Нәзір Гулназ жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: қосымша білім беру педагогі Мусатаева Айсулу Болатбековна.
Мектебіміздің мәртебесі биік, абыройы асқақтай берсін!!!
???????????????????
?«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
?Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынында:
І орын - 2;
ІІ орын - 1;
ІІІ орын - 9;
Грамота - 3 бар.
?І орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 9 "Г" сынып оқушысы Сагидуллаев Алдамир І орын. Жетекшісі: Омарханов Ернур Аханович.
Ағылшын тілі пәні бойынша 11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан І орын. Жетекшісі: Букенбаева Гульмира Октябрятовна.
?ІІ орын иегерлері:
Ағылшын тілі пәні 9 "Г" сынып оқушысы Ержанқызы Нұршат.
Жетекшісі: Кадрбекова Эльмира Метановна.
?ІІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 10 "А" сынып оқушысы Төкен Толғанай. Жетекшісі: Айтпаева Марал Ислямовна.
Ағылшын тілі пәні 10 "Б" сынып оқушысы Ахметжан Салтанат. Жетекшісі: Хабибуллина Жанар Буденовна.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні 9 "В" сынып оқушысы Сеилбай Айгерим. Жетекшісі: Қойбағар Ұлзат Бақытқызы.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні 10 "А" сынып оқушысы Кенжебек Тамерлан. Жетекшісі: Акимбекова Орал Жакеновна.
Математика пәні 9 "Г" сынып оқушысы Түнатар Райана.
Жетекшісі: Макумова Гулжанат Кадыровна.
Биология пәні 9 "Ә" сынып оқушысы Советов Саят.
Жетекшісі: Бухаева Дана Даулетбековна.
Биология пәні 11 "Ә" сынып оқушысы Тұрмағанбетов Ануар.
Жетекшісі: Ордабаева Гаухар Отарбаевна.
Химия пәні 10 "А" сынып оқушысы Комаров Расул.
Жетекшісі: Джабаева Эльмира Куатовна.
География пәні 9 "Ә" сынып оқушысы Досжан Сұлтан.
Жетекшісі: Пакизеева Айкерим Егембердиевна.
?Грамота иегерлері:
Құқық негіздері пәні 9 "В" сынып оқушысы Әбубәкір Абылай.
Жетекшісі: Аренова Асел Тулеухановна.
Физика пәні 9 "Г" сынып оқушысы Жакупбеков Алижан.
Жетекшісі: Жеңісхан Сауле.
Математика пәні 10 "Б" сынып оқушысы Сейтжан Арман.
Жетекшісі: Молдағалиева Мөлдір Асқарқызы.
Жүлделі орын иеленген 12 оқушымызға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз.
Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болсын!
?????????????????
?Бүгін мектебіміздің баскетбол командасы Сарыарқа ауданы бойынша І орынға ие болса, қалалық жарыстан ІІ орынға ие болды.
"Үздік ойыншы" номинациясын 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман жеңіп алды.
Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровнаны және де баскетбол құрама командасын шын ❤ құттықтаймыз.
Алар асуларың асқақ, шығар шыңдарың биік болсын!
??????????????????
  
                  
Жаңа жыл мерекесі қарсаңына орай мектебімізге
? Сарыарақа ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Абдиров Ербол Алсеитович;
? біздің мекемеге тікелей бекітілген жедел құзыреттілі полиция майоры Кобенбеков Нурбол Бигалиевич;
? 66-ПБ басқармасының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Самеков Ердаулет Садуакасович;
? учаскелік инспектор, полиция капитаны Турсынов Нурсултан Бакытович 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, Жаңа жылдық жарылғыш заттардың қолдану қауіптілігін ескерту жұмыстарын жүргізіп, дәріс өткізді.
 
      
?Бүгін өзін-өзі басқару ұйымы мектеп директорымен кездесіп, алдағы жоспарларымен, атқаратын іс-шараларымен бөлісті.
?Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Бүгін Алматы қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы байқауында “ДУМАН” биімен 13-15 жас аралығында "Бастау" би тобы Бас жүлдеге ие болып, дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Бекмұрат Омарұлын және жеңімпаз бишілерді шын жүректен құттықтаймыз!
Алар асулары асулары асқақ, шығар шыңдары биік болсын!
?????????????????