ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы зиянкестер зиянды сілтемелерді пайдаланып, "Whats App" мессенджеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асыру арқылы олардың атынан ақша қаражатын қарызға беруді сұрайтын өтініштерінің жиілеп кетуіне және қандай да бір оқушының немесе азаматқа дауыс беру сілтемелеріне кері байланыс берулерден абай болуларын сұрайды!
Сіздің қауіпсіздігіңіз сізге ғана байланысты екенін есте ұстаған жөн!
Шахматтан өткен қалалық жарыста мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Қасенхан Нұрасыл ІҮ разрядты қорғау бойынша орын иеленсе, 4 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Тәңірберген ІҮ разряд нормасын орындап сертификатқа ие болды.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлын және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Формасы: ашық әңгіме.
Қатысушылар "Мен қандаймын?" ойыны арқылы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін айтты. "Қызға қырық үйден тыйым" баяндамасы оқылды. Сонымен қатар видео көрсетіліп, сұрақ-жауап алынып, "Банкомат" әдісі арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
Соңында «Көгершін» әдісі арқылы кері байланыста жоба басында айтылған өз бойларындағы кемшіліктерін түзеу үшін, қандай әрекет ету керектігін параққа жазып, көгершін қанатына байлады.
Ашық алаң қатысушылар үшін маңызды кездесулердің бірі болды.
"Кыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердін керкі" демекші қыздарымыз біздің болашак анамыз деп, қыздарды батырлыкқа. үяндыкка, батылдыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн.
Астана қаласы бойынша кiшi жасөспірімдер мен балалар арасында кикбоксингтен ашық клубтық турнирiнде 2010-2011 жас тобында 51 кг салмақ дәрежесінде 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр дәрежелі дипломмен марапатталды.