Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
8 ақпан күні қазақ әдебиеті сабағында жоба бойынша 10"Б" сынып оқушылары Айгүл Кемелбаеваның "Шашты" әңгімесін оқып, талдады.
Оқушыларға алдын ала жоба жұмысының мақсаты түсіндірілді.
Оқушылар әңгімені бірнеше эпизодқа бөліп, әр топ өзіне берілген эпизодқа сценарий дайындап, оны сахналады.
Қойылым тартымды, қызықты өтті. Әр оқушы өз рөлін барынша шынайы көрсетуге тырысты.
Қойылымды мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері көріп, өз пікірлерін білдірді. Жобаға жауапты пән мұғалімі Адилгазинова Лазат Садыкановна.
 
Бүгін мектебімізде 2 сынып оқушылары арасында «Білім бәйгесі» интеллектуалды сайысы өтті.
Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен демекші ақыл білімдерімен дараланған дадоданың куәсі болдық.
Сайыс 5 кезеңді қамтыды.
1-кезең "Ойлан тап".
2-кезең "Ой жүйрік".
3-кезең "Ой жұмбақ".
4-кезең "Ойлы болсаң озып көр".
5-кезең "Ой толғау".
Сайыстың қорытындысы бойынша
1- орын 2 «Ә» сынып оқушысы Саят Ясмира.
2- орын 2 «Б» сынып оқушысы Акбар Раяна .
3 -орын 2 «Г» сынып оқушысы Түнатар Айым иеленді.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
◾️ Қалалық "Астана батыры 2024" чемпионатында Кекушинкай каратэ чемпионатында 30 кг салмақ дәрежесінде 5 "Ғ" сынып оқушысы Алдаберген Анел ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Ақпанов Рустем Нурланович.
◾️ Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 7 "А" сынып оқушысы Алмасұлы Алдияр 48 салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды.
◾️Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Ә" сынып оқушысы Тұрмағанбетов Ануар гала финалының жеңімпазы атанып, 50 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
◾️Азамат Досымбайды еске алу құрметіне арналған жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасында кикбоксингтен Астана қаласының ашық турнирінен 11 "Б" сынып оқушысы Ермеков Алдияр І орынға ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымызды МЕКТЕП ҰЖЫМЫ шын жүректен құттықтайды!
 
  
🔰"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №61 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Қаныш" республикалық ғылыми-конференциясын өткізетіндігін хабарлайды.
🔹Конференция мақсаты - Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттау және жаңа буынының көшбасшылық, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
🔹Конференцияға екі форматта қатысуға болады: (оффлайн, онлайн).
🔹Өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
🔹Өткізу уақыты: 2024 жыл 26 наурыз.
🔹Конференцияның ашылуы: сағат 10.00.
🔹Тіркеу: 9.00-9.30.
🖊"Достық - таусылмас қазына". Эссе. 9-сынып оқушылары.
 
 
🏀Баскетболдан 2011 жылғы ер балалар арасында өткен қалалық жарыста №61 мектептің ұлдар командасы ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Кайркулова Жанат Алданазаровна.
Жеңімпаз спортшыларымызды құттықтаймыз!
👏👏👏 🥈🏆👏👏👏 🥈🏆👏👏👏 🥈🏆