Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
🪕Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын "Аспаптық өнер" номинациясы бойынша 10-12 жас аралығында өткен қалалық сайыстан II орын иеленді. Жетекшісі:Өмірзақ Ертай Өмірзақұлы.
 
🎤Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Ғанимет Айдана заманауи би "KUNOICHI" номинациясы бойынша І орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бауыржанқызы Аяулым.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
  
   
Бүгін Астана қаласы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында мектебіміздің "Бастау" би тобы «TALENT SHOW»-
халықаралық шығармашылығы фестивалінде 5-17 жас аралығында "ТЕНТЕГІМ" биімен және 11-13 жас аралығында "ДУМАН" биімен І орынға ие болды.
Жетекшісі Бекмұрат Омарұлын және биші қыздарымызды құттықтаймыз!!!

 

Мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан Халықаралық IELTS ONLINE TEST емтиханын тапсыру барысында, 9 балдық деңгейдің 8,5 балын жинап, жоғары көрсеткіш көрсетті.
Сонымен қатар ҰБТ -ның ақылы кезеңінде 128 балл жинады.
Мектебіміздің мақтанышы Найманов Ғалымжан Берікұлына сәттілік тілейміз!
 
Мектеп тренерлерінің ұйымдастыруымен "Оқу мақсатынан сабак мақсатына шығу жолдары" тақырыбында оқыту семинары өтті.
Мақсаты: кысқа мерзімді жоспар жасауда оқу мақсатынан сабак мақсатын құру, критерий жасау арқылы тапсырмалар құрастыруды үйрену.
🏀Баскетболдан Қазақстан Республикасы Чемпионаты 2006 жылғы ер балалар арасында өткен жарыста мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман және 11 "А" сынып оқушысы Әлібек Баймұса І орынға ие болып, Республика Чемпиондары болды. Бапкері Кайркулова Жанат Алданазаровна.
*********************************************************
Чемпионаттың "Үздік ойыншысы" номинациясын мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман жеңіп алды.
🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆🥇🏆