Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
♟Астана қаласының "100" шаршылы дойбы чемпионатында мектебіміздің 5 "В" сынып оқушылары Камзабек Саулетхан ІІІ орын, Марат Ислам 4 орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
 
1-2 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
Қазақстан тарих пәні:
6 "Ғ" сынып оқушысы Усербаев Хансұлтан жүлделі ІІ орын.
Жетекшісі: Өндіріс Айдана Асқарқызы.
5 "Ғ" сынып оқушысы Қайдар Дария жүлделі ІІІ орын.
Жетекшісі: Ақатаев Совет Әлімханұлы.
Жаратылыстану пәні:
5 "Ғ" сынып оқушысы Серікболұлы Нұрғажы жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: Ахметова Айжан Мухамедхариевна.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
6 "Г" сынып оқушысы Нұрмаханова Назерке жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі: Сагиева Гульайм Кумарбековна.
Оқушыларымыздың жетістіктері құтты болсын!
Қалалық кезеңге сәттілік тілейміз.💐
♟Шахматтан қалалық жарыстан 2 "Г" сынып оқушысы Иманзада Сұлтанмұрат V разряд қорғауда І орынға ие болды.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлы.
Өзін-өзі басқару ұйымы.
"ДосболLIKE: Достық қолын ұсын" акциясы.
2 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған Елорда мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына арналған "Ұлы Дала қоңырауы" байқауы өткізілді.
"Желкілдеп шыққан көк шөптей" номинациясы бойынша Ыбырай әңгімелерінен сахналық қойылымы бойынша мектебіміздің оқушылары І орын иеленді.
Жетекшісі: Омарханов Ернұр Аханұлы.
Құттықтаймыз!
👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
 
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
2 ақпан күні мектепалды даярлық сыныптарында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды білуге, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей сайыс барысында оқушылар ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері жатқа айтып, ойларын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға талпынды. Балалардың ана тілінде сөйлеу шеберлігі артып, сөздік қоры молайды.