Республика күніне орай 10 "А" сынып оқушыларымен "Елінің патриоты" ойыны өткізілді.
Мақсаты: ойын арқылы оқушыларға патриоттық әрекеттерді ұғындыру, тарихи тұлғалардың ерен еңбегін насихаттау. Сонымен қатар, қырағылыққа, ширақ қимылдау мен тапқырлыққа дағдыландыру.
Ортаға бір оқушы шақырылады. Мұғалім ойыншыға еліміздің атақты, сыйлы тұлғасының есімін сыбырлайды немесе қағазға жазып көрсетеді. Оқушы сынып алдында есімін айтпай, оның еліне еткен қызметтерін сипаттай отырып, таныстырады.