Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Ұлт ойындары – ұрпаққа аманат! ✨ Бала шақтан баба дәстүрін бойға сіңіріп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, рухымызды жаңғыртып жатырмыз.
“Қаныш және ғылыми майдан” оқырман конференциясы
Бүгін мектебімізде ерекше форматта өткен “Қаныш және ғылыми майдан” атты оқырман конференциясы өз мәресіне жетті. Шара барысында 9-сынып оқушылары Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылымдағы орасан зор еңбегі туралы ой қозғап, тың мәліметтермен бөлісті.
Оқушылар өз баяндамаларында Қаныш Имантайұлының ғылымға қосқан үлесін, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегін талдап, ұлы тұлғаның өнегелі жолын тереңінен танытты.
Бұл конференция жас буынның ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мақтаныштарымызды ұлықтауға үлкен үлес қосты.
 
 
 
 
 
 
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні!
Кітап – баланың ойыны мен қиялына шексіз әлем ашады.
Бүгінгі мереке балаларымызға оқу, шығармашылық және жаңа әлемдерді тануға шабыт берсін. Кітап оқудың қуанышын бөлісейік, оқуға қызығушылықты арттырайық!
 

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.
Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты ар-намыс, батылдық, ептілік, күш-қайрат және жылдамдық сияқты қасиеттерді бейнелейді.
Показать перевод
 
 
Наурыз мерекесіне арналған "Күй күмбірі" республикалық 🪕домбырашылар челленджі.
Мақсаты: білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру.
 
 
 
22 Наурыз — Наурыз мейрамы!
🥀«Наурыз» 🌓күн мен түн теңеліп, 🌷жергегі көкке жан бітіп, 🐴жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана босанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» — деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Показать перевод