Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
5-сәуір күні мектеп кітапханасында Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің 125 жыл толуына байланысты "Қазақтың тұңғыш академигі" атты танымдық сағат 7 "Ә" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға өз ұлтының мақтанышы Қ.И. Сәтбаев туралы таныстыру. Білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ.И. Сәтбаевтің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен, қоғамдық жұмысымен танысты. Ғалымның құрметіне арналған іс-шараға қатысқан оқушылар айтылған әңгімелерді ұйып тыңдап, үлкен әсер алды.