Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
🔖Лагерь 2-ші күн.
Балалар робототехника жетекшісі Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлымен бірге робот құрастырса, бейнелеу мұғалімі Жумабаева Камшат Куптилеуовнамен бірге "Бақытты балалық шақ" тақырыбында асфальтқа сурет салып, қызықты ойындар ойнады.
Мектеп кітапханашысы Смайылханова Құралай Каукеновна кітапханадағы қызықты кітаптармен таныстырып, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылардың секіруі арқылы әріптерден сөз құрауын бақылады.
 
 
🇰🇿4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
 
 Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты
 
⚽️Астана қаласы 2012-2013ж, 2014-2015 ж арасында өткен "Лига-2024" футболдан 60 команда қатысқан қалалық чемпионатта:
1-орын. 2012-2013жж оқушылар;
2-орын 2014-2015жж оқушылар иеленіп, марапатталды.
"Үздік ойыншы " номинациясы:
Тирбах Расул 4 "В" сынып оқушысы;
Омарбеков Азамат 6 "А" сынып оқушысы иеленді.
Жетекшісі: Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз! 🥇🥇🥇🥇🥇🥇🥇👏👏👏
 
Бүгін мектебімізде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, мектебіміздің директоры Омарханов Ернұр Аханұлы мен Білім басқармасының бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кенесович құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қонаққа келген Аю мен Қоян кейіпкерлеріміз балалармен бірге ән салып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Балаларға жазғы көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз!!!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐
🔸Мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы лагерінің 1-ші күні оқушылар таңғы жаттығу жасаудан бастады.
Мектеп медбикесі Нурболина А. оқушыларға гигиеналық талаптарды түсіндірсе, бейнелеу мұғалімі Жумабаева К.К. оқушыларды асфальтқа сурет салдырды.
Сондай-ақ балалар тәрбиеші мұғалімдермен бірге топтық жұмыстар жасап, логикаларын дамыту мақсатында пазл ойындарын құрастырды.