Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын!
Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандары орындалсын!
Осындай мерейлі мереке күні балалар мен олардың ата-аналарына қолдау таныту, көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлау мақсатында шағын концерт ұйымдастырылып, ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың үйіне мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері барып, құттықтап қайтты.
 

31 мамыр саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Кітап көрмесі.

https://www.facebook.com/100043153909517/videos/431160416516869/

📝Биыл 27.05-31.05 аралығында оқушыларға оқу сапасын арттыру, білімдегі олқылықтарды толықтыру, оқу жылында меңгерілмеген бағдарламаларды игеру мақсатында оқушыларға "Жазғы мектеп" ұйымдастырылып, 1-8 және 10 сынып білім алушылары оқыту үрдісімен қамтылды.

"Бүлдіршіндер мектебі" 👇

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздер дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыздар.
Сіздер үлкен мақсаттарға қадам басқалы тұрсыздар. Білім жолында еңбек етуге мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап-ақ ұмтылып келдіңіздер.
Әліппені ашып, қолға қалам ұстаған кезден бастап ізденісте болдыңыздар. Ал қазір тарыдай болған жас баладан, таудай талапкерге айналдыңыздар.
Жолдарыңыз ашық болсын!
🎊 Бүгін 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өтті.
Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы, мектебіміздің ата-анасы Муздыбекова Гүлсила Орынбековна, әдістемелік орталықтың аналитика және мониторинг бөлімінің әдіскері Мадыбекова Айнұр Сыдыковна келіп, түлектерді құттықтады.
Сондай-ақ мектеп-лицей директоры Омарханов Ернұр Аханұлы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.