Сегодня: 28.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
🇰🇿4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
 
 Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты
 
⚽️Астана қаласы 2012-2013ж, 2014-2015 ж арасында өткен "Лига-2024" футболдан 60 команда қатысқан қалалық чемпионатта:
1-орын. 2012-2013жж оқушылар;
2-орын 2014-2015жж оқушылар иеленіп, марапатталды.
"Үздік ойыншы " номинациясы:
Тирбах Расул 4 "В" сынып оқушысы;
Омарбеков Азамат 6 "А" сынып оқушысы иеленді.
Жетекшісі: Мұратбек Мағжан.
Құттықтаймыз! 🥇🥇🥇🥇🥇🥇🥇👏👏👏
 
Бүгін мектебімізде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, мектебіміздің директоры Омарханов Ернұр Аханұлы мен Білім басқармасының бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кенесович құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қонаққа келген Аю мен Қоян кейіпкерлеріміз балалармен бірге ән салып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Балаларға жазғы көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз!!!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐
🔸Мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы лагерінің 1-ші күні оқушылар таңғы жаттығу жасаудан бастады.
Мектеп медбикесі Нурболина А. оқушыларға гигиеналық талаптарды түсіндірсе, бейнелеу мұғалімі Жумабаева К.К. оқушыларды асфальтқа сурет салдырды.
Сондай-ақ балалар тәрбиеші мұғалімдермен бірге топтық жұмыстар жасап, логикаларын дамыту мақсатында пазл ойындарын құрастырды.
 
 
Бүгін "Премия Unistar -2024" байқауында мектебіміздің "Шабыт" ансамблі "Шебер күйшілер" номинациясы бойынша Гран ПРИ жеңіп алды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы. Құттықтаймыз!