Сегодня: 15.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
"UNISTAR-ASTANA" халықаралық көпжанрлы конкурсқа "ММ ӨНЕР- БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ" актерлік шеберлік үйірмесінің тәрбиеленушісі, мектебіміздің 6 "Ғ" сынып оқушысы Сагидуллаев Илияс ГРАН ПРИГЕ ие болды.
Құттықтаймыз! 👏👏👏

"Шаттық-2024" байқауының ТРИО "Шабыт" жеңімпаздары мектеп директорының қабылдауында...

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту және дүниетанымдарын кеңейту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау арқылы олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥇Маннаб Алибек
3 "А" сынып оқушысы дүниетану пәні бойынша І орын. Жетекшісі:Дутбаева А.К
🥇Бейсен Іңкәр
3 "А" сынып оқушысы қазақ тілі пәні бойынша І орын.
Жетекшісі: Даирбекова З.К.
🥇Тарих Кәусар
4 "Ә" сынып оқушысы қазақ тілі пәні бойынша І орын.
Жетекшісі: Рыскулова С.К.
🥉Махатилла Хансұлтан
3 "Ә" сынып оқушысы ІІІ орын жаратылыстану.
Жетекшісі: Искакова Б.А.
🥉Байкен Қайнар
4 "А" сынып оқушысы математика пәні бойынша ІІІ орын.
Жетекшісі: Смаилова Г.К.
Оқушыларымыздың жетістіктері құтты болсын!
Алар асулары көп болсын!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен 9 - 10 сынып оқушылары арасында IV қалалық «... Бір ғалымды көрсеңіз» Абай ғылыми жоба байқауының ІІ кезеңі (ғылыми жобаны қорғау) өткізілді.
Жоба байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің 9 "Г" сынып оқушысы Ертаева Дильназ жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Омарханов Ернұр Аханұлы.
Құтты болсын!!!!
Мектеп оқушылары арасында Ә. Кекілбаев шығармаларын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөз мәдениетін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
"Шығармашылық жұмыс бағыты" бойынша мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Оралбаева Арнұр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Шаманова Гулим Акайдаровна.
Оқушымыздың жетістігі құтты болсын! 💐