Сегодня: 15.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңін өткізді.
"Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушысы Ержанқызы Албина жүлделі ІІ орын иеленді.
Жетекшісі Есенгелдіқызы Нұргүл.
Оқушымыздың жетістігі құтты болсын! Алар асулары көп болсын!
Хакім Абайдың ғибратқа толы қарасөздері мен жақұт жырларынан тәрбиелік өсиет өнеге аламыз. Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2-4 сынып оқушылары арасында қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
Мектебіміздің 2 "В" сынып Нұржан Батырхан жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Маматаева К.С.
3 "Б" сынып оқушысы Қанат Назым грамота иеленді. Жетекшісі: Ордабекова А. П.
Мектебіміздің мәртебесі арта берсін! Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Мәшһүр-Жүсіп атындағы №57 орта мектептің базасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

"Білімді зерек адам болам"-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен эссе жазу бағытында мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Советов Саят жүлделі ІІІ орын иеленді.

Жетекшісі Шаманова Гулим Акайдаровна.

🌿"Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы. "Жасыл аймақ" жалпықалалық сенбілігі.

 

  

 

📌Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
🔹Тақырыбы: "Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер". 1-4 сыныптар.
🔸Тақырыбы: "Жасөспірімдермен қарым - қатынас ерекшеліктері". 5-9 сыныптар.
🔸Тақырыбы: "Сүйіспеншілік - сыйластық кілті". 10-11 сыныптар.
 
  
Бүгін 7 "А, Ә" сынып оқушылары бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚР Қарулы күштерінің Әскери - Тарихи мұражайына барып қайтты.
Әскери-тарихи мұражай ғимараттың құрылымдық және сәулеттік келбетін өз экспозицияларымен толықтыратын бірегей залдармен ерекшеленеді.
Мұражайда сізді: ҚР Қарулы Күштерінің залы, Мерзімді көрмелер залы, XIX ғасыр “ежелгі” залы, XX ғасыр әскери тарихы залы, XX – XXI ғасыр қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ “Қазақстан әскери ісінің тарихы”атриумы қарсы алады.