Мектебіміздің "Бастау" би тобы респбуликалық көпжанрлы "ҚОС АЛҚА" байқауында "Су - сұлу" биімен 8-10 жас аралығында Бас жүлде, "Думан" хореографиялық қойылым биімен 11-13 жас аралығында ІІ орын иеленді. Жетекшісі Бекмұрат Омарұлы.
?? ⚽️ Қазақстан Республикасы күніне арналған 6 - сынып оқушылары арасында «Спорт денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет» атты футбол жарысы өтті. Мақсаты: оқушылардың ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, төзімділік қабілеттерін дамыту. Қорытынды нәтижесінде келесі сыныптар орындарға ие болды. І орын - 6 "Г" сыныбы; ІІ орын - 6 "А" сыныбы; ІІІ орын - 6 "В" сыныбы; ІІІ орын - 6 "Д" сыныбы; ▪️"Үздік ойыншы" номинациясымен 6 "Д" сынып оқушысы Аманжолов Сұлтан; ▪️"Үздік шабуылшы" номинациясымен 6 "В" сынып оқушысы Әбдімұрат Нұржас; ▪️ "Үздік қорғаушы" номинациясымен 6 "А" сынып оқушысы Қыдырәлі Жанболат ; ▪️ "Үздік қақпашы" номинациясымен 6 "Г" сынып оқушысы Адилбек Архат марапатталды.
?? Өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, шығармашылықтарын жандандыру мақсатында қалалық "Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы" эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Берікбол Алтайұлы.
?"Күз ханзадасы мен ханшайымы" сайысы.
Бас жүлде - 9 "В" сыныбы;
І орын - 9 "Г" сыныбы;
ІІ орын - 9 "А" сыныбы;
ІІ орын - 8 "Г" сыныбы;
ІІІ орын -8 "Б" сыныбы;
ІІІ орын - 8 "Ғ" сыныбы;
ІІІ орын - 8 "Б" сыныбы.
Барлық қатысушы оқушылар МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ мадақтамасымен марапатталды.