Сегодня: 30.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Мектепішілік және сутденттік парламент президенттерінің ұлықтау рәсімі. Мектеп президенті Аманбай Санжар.

Құрметті әріптестер, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет басшысының еліміздегі отбасыларға көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру, балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын – сенім телефоны іске қосылғанын хабарлайды. Бұл байланыс орталығы азаматтарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Осыған байланысты, аталған байланыс орталығы туралы ақпарат білім ұйымдарының ғимараттарында орналастырылу қажет. 

25 қазан-Республика күніне арналған "Республика ерікті ел Қазақстан" атты мерекелік концерт.

??Мектебіміз 25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастырылған “Әнұран айту” челленджіне белсене қатысты.

Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей Аға вожатый бос лауазымына орналасуға 23.10.2023-02.11.2023 аралығында конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілу күні 03.11.2023 сағат 15-00.
Конкурстың өткізілу орны: Конституция көшесі, 33 үй.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан және наркологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) соттылықтың болмауы туралы анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Егер сіз білімді де, білікті маман болсаңыз біз сізді күтеміз!
Байланыс нөмерлері: 87783579852; 87755142775
?? 25 қазан - Республика күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты іс-шара 7 "Г" сыныбымен өтті.
Мақсаты: оқырмандардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп, балаларымызды ұлттық, азаматтық сезімге баулу.
Оқушыларымыз туған жеріміз туралы ақпарат алмасу үшін 4 топқа бөлінді:
1️⃣ Отан туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру;
2️⃣ Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып мағынасын ашу;
3️⃣ Бәйтерек монументі туралы ақпарат беру;
4️⃣ Туған жер, Отанымыз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.