ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 29.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің привенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Ерсінқызы жалпы білім беретін мекемелерде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту бойынша МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА дәріс өткізді.
Бұл барысында келесі тақырыптар талқыланды:
1) Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
2) Сыбайлас жемқорлықтың зияны неде?
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға СЫЙАҚЫ беру шаралары туралы да айтылды.
Сыйақы тек расталған деректер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген сәттен бастап, айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыстық іс негізсіз негіздер бойынша қысқартылған кезден бастап төленеді.
Мектеп ұжымы мұғалімдер тарапынан Алмагүл Ерсінқызына сұрақтар қойылып, пұшымды жауаптар алынды.
Егер сыбайлас жемқорлық көріністері туындаса 1424 Call-орталығына жүгіне алады және де әрбір факт тексеріледі.
Мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Саматқызы Нұрсезім, 7 "Б" сынып оқушылары Абишев Жансұлтан, Тулеутай Алижан, Саматов Нұртас "Koktal Run" жүгіру марафонына қатысқаны үшін топ 10 қатарына еніп, МЕДАЛЬҒА ие болғандары үшін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сонымен қатар сынып жетекшілері Төлеуова Ляззат Саятқызы мен Малкаждар Айгелді Аманкелдіұлын да оқушыларды ұйымдастыруда белсене атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.