ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
2 ақпан күні мектепалды даярлық сыныптарында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды білуге, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей сайыс барысында оқушылар ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері жатқа айтып, ойларын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға талпынды. Балалардың ана тілінде сөйлеу шеберлігі артып, сөздік қоры молайды.
Бүгін 6 "В" сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында "Сөздің көркі -мақал" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың арасында несие карталарын пайдалану қалыпты жағдайға айналды.
Мұндай карталарды ашу бүгінде еш қиындық тудырмайды және әркімге қолжетімді.
Несиелік карта бұл банк белгілейтін автоматты түрде жаңартылатын несиелік лимиті бар банк картасы. Несиелік лимит клиенттің расталған кірістерінің мөлшеріне және оның төлем қабілеттілігіне байланысты. Мұндай карта банкоматтан ақша алуға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік береді, содан кейін шартта көрсетілген мерзімде банк алдындағы берешекті өтеуге болады. Десек те несие карталарын қолданудың бабын білмесеңіз, қарызға батып, құрдымға кету қиын емес.
Бүгін осы тақырыпта 9-10 сынып оқушылары «Бұл палата несиелік карталардың пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді..» тақырыбында пікір сайысып, өз ойларын ортаға салды.