ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Формасы: ашық әңгіме.
Қатысушылар "Мен қандаймын?" ойыны арқылы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін айтты. "Қызға қырық үйден тыйым" баяндамасы оқылды. Сонымен қатар видео көрсетіліп, сұрақ-жауап алынып, "Банкомат" әдісі арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
Соңында «Көгершін» әдісі арқылы кері байланыста жоба басында айтылған өз бойларындағы кемшіліктерін түзеу үшін, қандай әрекет ету керектігін параққа жазып, көгершін қанатына байлады.
Ашық алаң қатысушылар үшін маңызды кездесулердің бірі болды.
"Кыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердін керкі" демекші қыздарымыз біздің болашак анамыз деп, қыздарды батырлыкқа. үяндыкка, батылдыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген жөн.
Қараша айының 11-і күні 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Негізгі 11 пән бойынша өткен олимпиадаға, 9-11 сынып оқушыларынан 98 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
Олимпиада барысында оқушылар академиялық адалдық сақтады.
Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас құру және коммуникативті дағдыларын дамытуды нығайту мақсатында «Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады?» жас мұғалімдерге арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында жас мамандарға психологиялық ахуалды жақсарту үшін әр-түрлі тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Қатысушылар топтық жұмыс арқылы жасөспірімдердің негізгі мәселелерін анықтау және мәселеден шығу жолдарын қарастырды.