ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
25 қазан - Республика күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты іс-шара 7 "Г" сыныбымен өтті.
Мақсаты: оқырмандардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп, балаларымызды ұлттық, азаматтық сезімге баулу.
Оқушыларымыз туған жеріміз туралы ақпарат алмасу үшін 4 топқа бөлінді:
Отан туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру;
Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып мағынасын ашу;
Бәйтерек монументі туралы ақпарат беру;
Туған жер, Отанымыз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Армысың, Алтын күз! атты 4- сынып оқушылары арасындағы сынып сағаты.
Мақсаты: мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің б.з. дейінгі VI-V ғасырларда “Ардақты, киелі билік ол біреудің тәуелдігі немесе біреудің тәуелсіздігі емес, шынайы билік - ол өкімет пен жеке адам арасындағы өзара тәуелділік” – деп айтқан пікірі демократияның қазіргі ұстанымына сәйкес келе ме? Әлде, мемлекеттік басқару формасы ретінде монария артық па?
25 қазан- Республика күніне арналған: «Бұл палата демократия монархиядан артық деп есептейді.. » тақырыбында 8-9 сынып оқушылары пікір сайысып, өз ойларын ортаға салды.