Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Астана қаласы әкімдігінің №5 қалалық емханасының гинекологы Бекмухамбетова Наргиза Маратовна "Нравственно половое воспитание" тақырыбында 8-11 сынып қыздарына дәріс өткізді.

??Республика күніне орай 10 "А" сынып оқушыларымен "Елінің патриоты" ойыны өткізілді.

Мақсаты: ойын арқылы оқушыларға патриоттық әрекеттерді ұғындыру, тарихи тұлғалардың ерен еңбегін насихаттау. Сонымен қатар, қырағылыққа, ширақ қимылдау мен тапқырлыққа дағдыландыру.
Ортаға бір оқушы шақырылады. Мұғалім ойыншыға еліміздің атақты, сыйлы тұлғасының есімін сыбырлайды немесе қағазға жазып көрсетеді. Оқушы сынып алдында есімін айтпай, оның еліне еткен қызметтерін сипаттай отырып, таныстырады.
? Мектебімізде 3 сыныптар арасында "Берекелі, мерекелі Алтын күз" тақырыбында сайыс өтті.
Мақсаты:балаларға күздің ерекше сыйы-жемістер туралы мағлұмат беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру
2.Ойлан тап. (Сұрақ-жауап)
3.Әдемі сурет саламын.
4."Күзгі дастархан" (Сайыскерлер дайындап әкелген тағам түрінің жасалу жолын түсіндірді.)
Сайыстың қорытындысы бойынша
Бас жүлде "Алтын дән" тобы
I орын "Шалқан" тобы
II орын "Жүзімдер" тобы
III орын "Құлпынай" тобы иеленді.
Барлық оқушылар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.
? Мектебімізде 2 - сыныптар арасында “Берекелі, мерекелі Алтын күз” тақырыбында сайыс өтті.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
? 4 кезең бойынша оқушылар бақ сынасты.
1.Таныстыру.
2.Жұмбақбайдың жұмбақ әлемі.
3.Жапырақтар жинаймыз.
4.Суретшілер елінде.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І орын “Алтын күз” тобы.
ІІ орын “Күзгі сый” тобы.
ІІІ орын “Алтын жапырақтар” тобы иеленді.
 
?Бүгін мектеп кітапханасында Мәртебелі мамандық - кітапханашы күніне орай "Артық білім кітапта ..." ағарту апталығына орай "Кітап-асыл қазына" атты сайыс сабақ 3 "Б" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету, білімге және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Сайыс сабақ кезеңдері:
І кезең. "Кітапхана - кітап үйі". Сұрақ-жауап.
ІІ кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.
ІІІ кезең. "Кітап-біздің досымыз" тақырыбында өлең оқу.
ІҮ кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар.
Оқырмандар сайысқа белсене қатысып, алғысын білдірді.
 

"Күз - байлық, күз - мереке" атты көрме.