ГКП на ПХВ «Школа-лицей №61 имени Каныша Сатпаева» акимата города Астаны
Сегодня: 14.05.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Қаныш Сәтбаев атындағы #61 мектеп-лицейінде ,, Жасанды болғым келмейді..." деп аталатын автормен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешке халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақынымыз, белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанұлы қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ақыннның ,,Үзіліп түскен тамшы бұл..." атты өлеңдер жинағынан жыр шумақтарын оқып, өлең оқуға деген ынталарын танытты.
Сондай-ақ автордың ой-пікірін тыңдап, ақынның өзі айтқан тамаша естеліктермен танысты.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаментінің прокуроры В.Ли және Алтынбай Айжан Алматқызы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізді.
Жас блогер Жанбол Нұрмұханның ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ бойынша "3 сұрағыма жауап берсең, 10 000 теңге сіздікі" ойынына мектебіміздің 6б сынып оқушысы Кәмелбекұлы Бейбарыс қатысып 10 000 теңге ұтып алды.
"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы мен "Зерделі" ақыл-ой орталығымен бірлесе ұйымдастырған математика пәнінен "Алтын түлек" олимпиадасының өңірлік кезеңіне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар:
11 "А" сынып оқушысы Найманов Ғалымжан жүлделі І орын иеленіп қалалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Макумова Гулжанат Кадыровна.
11 "Б" сынып оқушысы Оралбаева Арнұр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Рахимбердинова Сауле Айдарбековна
10 "А" сынып оқушысы Комаров Расул ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Ұзаққызы Нұрбану.
10 "Ә" сынып оқушысы Досалы Даниал ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Зинәбдинова Самал Серікқызы.
Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтай отыра, биік белестерді бағындырар береді деген ниеттеміз.