Бүгін мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында*
«Досбол LIKE» бағдарламасы бойынша балаларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.*
*10–11 сынып ата-аналарына арналған шара тақырыбы:*
*«Кибербуллингтің алдын алу: киберкеңістікте балалардың қауіпсіз мінез-құлқын дамыту»*
Іс-шара барысында ата-аналарға кибербуллингтің түрлері, белгілері және оның салдары туралы ақпарат беріліп, жасөспірімдерді интернеттегі қауіптен қорғау жолдары талқыланды.
Балалардың саналы әрі жауапты онлайн мінез-құлқын қалыптастыруда ата-ананың рөлі ерекше екендігі атап өтілді.
Кездесу нәтижелі өтті, ата-аналар тақырыпқа белсенді қатысып, өз тәжірбелерімен бөлісті.

Бүгін мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында
«Досбол LIKE» бағдарламасы бойынша балаларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мақсатында кездесу өтті.
5-9 сынып ата-аналарына арналған шара тақырыбы: «Буллинг: мойындау, анықтау, тоқтату».
Кездесу барысында ата-аналарға буллинг түрлері, оның белгілері, себептері және алдын алу жолдары түсіндіріліп, практикалық кеңестер берілді.
Сондай-ақ, балаға қолдау көрсетудің маңыздылығы мен ата-ана ретіндегі жауапкершілік жайлы мазмұнды пікірлер айтылды.
Шара ата-аналар тарапынан қызығушылық пен белсенділікке ие болды.



?‍?‍?“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында өтілген ата-аналар жиналысы.
********************************
8 «В», 5 «Б», 6 «Б» сыныптары.


Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
Тақырыбы: Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.


Отбасындағы жанжал материалдық жетіспеушіліктен басталуы мүмкін. Отбасылардың 30%-ға жуығы қаржылық қиындықтарға байланысты ажырасады. Шағын табыс отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді(балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайын жақсартуы және т.б.)
Әл-ауқат- отбасының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың және жалпы мемлекет халқының өмірлік қажеттіліктерімен қамтылуы(рухани, материалдық, әлеуметтік).
Олай болса, «Отбасылық әл-ауқатқа әсер ететін негізгі проблемалар..» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары пікірсайысып, өз ойларын ортаға салды.
Возможно, это изображение 21 человек, люди учатся, больница и текст


?​29​ қазан -​ Қамқоршылар​ күні.
Бұл​ күні​ мектебімізде «Мейірімге толы​ жүрек» атты құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.
Осы іс-шараға қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршылары шақырылып, мектеп-лицей директоры Е.А. Омархановтың атынан АЛҒЫС ХАТ берілді.
Сонымен қатар қамқоршылық кеңес ұйымы мүшелері жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Іс-шара соңында ата-аналар академик Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен танысып қайтты.


Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.

? «Білімдіге дүние жарық».

? «Ақыл айтпа, жол көрсет».

? «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер».

Осы тақырыптар төңірегінде ата-аналар тренингтер жүргізіп, ой-пікірлерімен бөлісіп, бір-бірімен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/100043153909517/videos/pcb.1088382055943581/418192790644305?locale=ru_RU

https://www.facebook.com/100043153909517/videos/pcb.1088382055943581/733299818234168?locale=ru_RU

https://www.facebook.com/100043153909517/videos/pcb.1088382055943581/253748650720043?locale=ru_RU


 

Ата -аналарға психологиялық көмек


 

You Missed

Оқушылар

  • От astana
  • 27 января, 2026
  • 334 views
Оқушылар

Біздің мектеп

  • От astana
  • 25 января, 2026
  • 264 views
Біздің мектеп