Бүгін мектебімізде “Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі” атты Жұлдыздар шеруі жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында белсенді өмір салтын ұстанатын, спортта, білімде ерекше көзге түскен оқушыларымыз бен ұстаздарымыз марапатталып, өз жетістіктерін паш етті.
"Үздік жаттықтырушы" номинациясымен Кайркулова Жанат Алданазаровна.
"Үздік сынып жетекші" номинациясымен Жумабаева Камшат Куптуилеуовна.
"Үздік оқушы" номинациясымен 10 "А" сынып оқушысы Түнатар Райана МАРАПАТТАЛДЫ.
Салауатты өмір – табысты болашақтың негізі дей келе, бүгінгі барлық марапатталған оқушыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймыз!