В данной категории нет материалов.
Мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі", "Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті!" , "Отбасы-бақыт мекені", «Тәрбиенің ең басты мектебі – Отбасы», "Жақсы бала, ата - ана қуанышы" тақырыптарында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналар жұптық, топтық жұмыстар орындап, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін белсенді түрде ортаға салды.
Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы және бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін атап өтіп, баламен қарым – қатынасты жақсарту жолында ат салысатындықтарын айтты.
Сондай-ақ, ата-аналар мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі өзара бірлескен жұмыста екендігіне көз жеткізіп, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру үшін сынып жетекшісімен бірлесе әрекет етуге сенім білдірді.
Жол қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға, жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету мақсатында мектебімізде «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты 1-6 сыныптар арасында ашық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатына Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПБ АПБ ЖПҚБ №66 УПП УПИ полиция капитандары Н.Б.Турсынов, Л.Е. Ахметова қатысып, оқушыларды жол қауіпсіздігі туралы ережелермен таныстырды, жолда мұқият болуды ескертті.
"Өзін-өзі басқару" ұйымының спорт және салауатты өмір фракциясының жетекшісі Сарсенбек Әбілмансұр 8-10 сынып оқушылары арасында қол күрестен жарыс ұйымдастырды.
Нәтижесінде мектепішілік біріншілікте қол күрестің жеңімпаздары анықталды.
І орын 8 "Ғ" сынып оқушысы Тұрсымбек Аңсар;
ІІ орын 10 "В" сынып оқушысы Есенбаев Әділбек;
ІІІ орын 9 "Ғ" сынып оқушысы Қылыш Темірлан.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!