Өз балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен
қалай қорғау қажет?
1-КЕҢЕС
Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге зер салып қараңыз. Оның көңіл күйінің күрт ауытқуы, көңілсіздік, оның бойында бұрын байқалмаған өзге реакциялар сізді алаңдатуы тиіс.
Жасөспірімдік жасқа тән қарсы шығу жағдайларының салдарынан кейде тіпті түсінетін және мейірімді ата-аналардың өзі балаларының жаман ортаға тап болғандығын бірден біле алмайды.
2-КЕҢЕС
Балаңыздың бойында бас тарта білу қасиетін жаттықтырыңыз. Көп жағдайда жаман ортаға тап болудың алғашқы қадамы «Сенің қолыңнан келмей ме?» деген сөзге тиісті тойтарыс бере алмаудан болатындығын өмір көрсетіп отыр
Бала үшін өзіне серіктес достар таба алмаса, өте ауыр тиеді. Ол өзін шеттетілгендей сезінеді – барлық балаларға ұқсамайтын дара болудан, ала қарға болудан қорқады. Сондықтан, маңызды топтың шеттетуіне ұшырамас үшін, ер бала немесе қыз бала бұл оларға шын мәнінде ұнамаса да, топтың ережелерін орындайды, оның заңдарын ұстанады. Себебі көп жағдайда жасөспірімдерден құралған топ – бұл ортақ мүдделермен біріккен қоғамдастық емес, шығармашылық, жасампаздық атаулыға оң қызығушылықтың болмауынан біріккен қоғамдастық. Өз көзқарасын, өз пікірі мен құндылықтарын қорғай білетін жасөспірім, құрдастарының сыйластығынан айрылмай кез келген «басыну» жағдайларына тойтарыс бере алады.
ЖАС МАМАНҒА АЙТЫЛАР КЕҢЕС
Жас мамандардың мансап жолы соқпалы да соқпақты келеді. Жоғары білім, бойда күш-жігер бола тұра олар мансап жолында бірқатар қателіктерге бой ұрады. Сол қателіктерге жол бермес үшін берер кеңесімізге зейін қойыңыз.
Алғашқы жұмыс күні
Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ұжыммен танысуы керек. Әуелі басшылықпен я ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап, басын ашып алыңыз. Бірге жұмыс істейтін әріптестеріңіздің есімдерін жаттап алып, барлығына ізеттілік білдіріңіз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге, әлбетте, алғашқы кездері қиын болады. Сондықтан да қолыңызға қалам алып, барлығын қойын дәптерге түртіп жүріңіз.
«Сізді» бірден «Сенге» алмастырмаңыз!
Көпшілік әке-шешесіне, бауыр-ағайындарына, құрбы-құрдастарына «Сен» деп сөйлейді. Алайда, жұмыстың аты жұмыс. Сондықтан да, барлығына құрметпен қарап, әдептілікті сақтап, «Сіз» деп сөйлеңіз. Егер де өзіңізбен қатарлас жандар болса, олармен тілдесіп, біртіндеп «сен» деп сөйлесіңіз.