Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Өз балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен

қалай қорғау қажет?

 1-КЕҢЕС

Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге зер салып қараңыз. Оның көңіл күйінің күрт ауытқуы, көңілсіздік, оның бойында бұрын байқалмаған өзге реакциялар сізді алаңдатуы тиіс.

Жасөспірімдік жасқа тән қарсы шығу жағдайларының салдарынан кейде тіпті түсінетін және мейірімді ата-аналардың өзі балаларының жаман ортаға тап болғандығын  бірден біле алмайды.

 2-КЕҢЕС

Балаңыздың бойында бас тарта білу қасиетін жаттықтырыңыз. Көп жағдайда жаман ортаға тап болудың алғашқы қадамы  «Сенің қолыңнан келмей ме?» деген сөзге тиісті тойтарыс бере алмаудан болатындығын өмір көрсетіп отыр

Бала үшін өзіне серіктес достар таба алмаса, өте ауыр тиеді. Ол өзін шеттетілгендей сезінеді – барлық балаларға ұқсамайтын дара болудан, ала қарға болудан қорқады. Сондықтан, маңызды топтың шеттетуіне ұшырамас үшін, ер бала немесе қыз бала бұл оларға шын мәнінде ұнамаса да, топтың ережелерін орындайды, оның заңдарын ұстанады. Себебі көп жағдайда жасөспірімдерден құралған топ – бұл ортақ мүдделермен біріккен қоғамдастық емес, шығармашылық, жасампаздық атаулыға оң қызығушылықтың болмауынан біріккен қоғамдастық. Өз көзқарасын, өз пікірі мен құндылықтарын қорғай білетін жасөспірім, құрдастарының сыйластығынан айрылмай кез келген «басыну» жағдайларына тойтарыс бере алады.

 3-КЕҢЕС

Баланың жаңа ортасына қатысты уақытынан бұрын байбалам салмаңыз. Жағдайға толық қанығыңыз.

* Араласатын ортасы жөніндегі жағдайды айқындау үшін, баламен айқайсыз, балағатсыз, жазғырусыз  жақын тартып сөйлесу қажет.   Сіздің ашуыңыз жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін, жасөспірімдер әу бастан барлығына, соның ішінде сізге де ерегісіп қарсы әрекет етеді; сіздің қатты ашуыңыз оның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге құштарлығын күшейте түседі, баланы одан сайын желіктіреді.

* Сіз баладан ұрыспай, тілектестікпен жаңа ортада олар уақытты қалай өткізетіндігін, не туралы сөйлесетіндіктерін, ол үшін бұл қарым-қатынастың болашақта маңызы қандай екендігін сұрағанда, сіздің уайымыңыз бекер болып шығуы және балаңыздың жаңа достары сіз ойлағандай жаман балалар болмай шығуы әбден мүмкін.

Әрине өз ойларыңызда сіз өз пікіріңізге сүйенуіңіз керек. Бірақ сіз өзіңіз жеке білмейтін адамдар туралы үстірт пікір айту дұрыс емес.

 4-КЕҢЕС

 Балаңыздың жаңа ортасы туралы жеке және объективті пікір қалыптастыру мүмкіндігін алу үшін, балаңыздың жаңа ортасындағы балалармен танысуға тырысыңыз. Олармен еркін сөйлесу үшін, қонаққа шақырыңыз, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырыңыз.

Егер жасөспірім ата-анасының достарымен жақын танысқандығын қаламаса, жаңа достарын үйіне әкелгісі келмесе, бұндай жағдайда сырттай таныстықпен шектелуге тура келеді. Баланың оның достары туралы әңгімелерін мақтаңыз, оның пікіріне құлақ түріңіз.

Бастысы, қандай да бір жағымысыз қылықты байқаған кезде «Сенің досың өте жаман, осылай істеуге бола ма екен! Ал сен онымен достасасың, қатты сыйлайсың – олай етуге бол ма?» деген сөздерді айтпаңыз.

Есіңізде болсын: тек сіздің жеке талғамыңызға  сай болмағандықтан ғана ұлыңыздың, қызыңыздың, және олардың достарының қылығын сынап пікір айтуға болмайды.

 5-КЕҢЕС

Сіздің жасөспірімнің кіммен араласу керектігін шеше алмайтындығыңызға қарамастан, балаңыздың санасына достар таңдаудағы дұрыстыққа күмәнмен қараушылықты дарыту қолыңыздан келеді, бұған күмәніңіз болмасын.

Мәселен,  егер жасөспірім бұзақылардың ортасына түссе, байқатпай, әдейі жасағандай болмай мұның болашақта неге әкелу мүмкін екендігін көрсетуге кеңес беріледі. Үстелдің үстіне қолға түскен қылмыскер туралы жазылған газетті қалдырып кетіңіз, бірге осындай сюжеті бар ғибратты фильмдер көріңіздер.

 6-КЕҢЕС

Балаға деструктивті қарым-қатынастың баламасын көрсетіңіз. Оның назарын спортқа немесе өзге қызықты іске аударыңыз: оның қызықты жорықтарға баруына, дамытатын үйірмелерге (тіл, шығармашылықты дамыту және т.с.с)  жазылуына  жағдай туғызыңыз.

Өркениеттің дамуы, ақпараттық-техникалық жетістіктер ХXI ғасыр адамына қызықты, және шығармашылыққа толы өмір сүруі үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Бірақ өркениет жетістіктерін пайдалану үшін, адам көп нәрсені білуі, көп нәрседе шебер болуы қажет. Шет тілдері, компьютерлік бағдарламалау, дизайн шеберліктері және т.б. Бұлардың барлығын адам жасөспірімдік шақта үйренбегенде, қай уақытта үйренеді?

Балаңызды ынталандырыңыз; өзіне ұнайтын мектептен тыс үйірмелер таңдауға көмектесіңіз.

 7-КЕҢЕС

Балаңызды бірлескен демалыс іс-шараларына шақырыңыз –
жиі-жиі бірге киноға, концерттерге барыңыздар.

* Өз балаңыздың бойына жақсы фотосуретке деген талғам, жолжазбалармен айналысуға  деген құштарлық сезімін дарытыңыз. Оған сүйікті істерінде жақсы дос бола біліңіз.

* Жаңа саяхаттар бағыттарын талқылаңыздар, ол жаққа бірге барыңыздар, әсіресе бүкіл отбасымен барған пайдалы.

 8-КЕҢЕС

Әрбір ата-ана қандай әдістердің анық жұмыс істемейтіндігін білуі тиіс:

  • достарымен кездесуге үзілді-кесілді қарсы шығып, дүрсе қоя беруге болмайды;
  • баланы үйге қамап қоюға болмайды;
  • жазалаудың ұрып-соғу әдістерін қолдануға болмайды.

Ата-аналардың міндеті – баланың осындай жаман ортада іш пысатындығын, оның зияндығын, оның болашағы жоқ екендігін түсінетіндей етіп, және осындай ортадан өз бетімен шығатындай етіп дұрыс жолға жөн сілтеу.

 9-КЕҢЕС

Спортпен шұғылдану – лайықсыз, деструктивті ортаның орнын ауыстыратын тамаша балама.

Егер сіз балаңыздың біреулермен жиі төбелесетіндігін байқасаңыз, бұл энергияны дұрыс арнаға бағыттаңыз. Шығыс жекпе-жегі секциясына жіберіңіз – осылайша ол спортпен де шұғылданады, жасөспірімдерге тән артық энергияны да сыртқа шығарады, және қажет болған жағдайда өзін қорғауды да үйренеді. Сонымен қатар, спорт оның санасында өмірге деген дұрыс көзқарасты қалыптастырады, және қазіргі жүрген ортасының жақсы емес екендігін өзі түсінетін болады. 

 Абайдың «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген сөзін бәріміз білеміз. Шынында да, жалқаулық барлық кеселдің бастауы деп бекерге айтылмайды. Жасөспірімнің жасампаз іспен шұғылдана алмауы, немесе оған ынтасының болмауы – «жаман ортаға» түсудің ең оңай жолы.  Ата-аналар баланың кішкентай күнінен бастап баласының күн тәртібін жоспарлай білуі қажет. Баланың әрбір күні «Темірді қызған кезде соқ» деген бейнелі сөзге, яғни әр нәрсе өз уақытында деген ұғымға сай, оның бос уақытын қалай өткізуді ойластыру қажет. 

 10-КЕҢЕС

Ылғи туындайтын қиындықтарға мойымаңыз! Үмітіңізді үзбеңіз, балаңызға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты жоғалтпаңыз

* Жасөспірім бұзатын ережелерді, бұзуға тырысатын өзін ұстау шеңберлерін ата-ана жаңаша бағалауы тиіс.

* Баламен бірлесіп өзара қарым-қатынастың жаңа ережелерін жасап шығару қажет.

* Ата-аналардың икемге келмеуі және өз пікірінде сіресіп қалуы жасөспіріммен эмоционалдық және физикалық байланыстың толығымен жоғалуына әкеп соғады.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Кішкентай келіспеушіліктердің отбасындағы үлкен жанжалға ұласатын күнделікті тұрмыстағы жағдайлар ата-аналарда шыдамдылықтың, төзімділіктің, қамқорлықтың және әдептіліктің жетіспеушілігінен  болады

 ЖАҚСЫ АТА-АНАҒА ҚАЖЕТТІ 8 ҚАСИЕТ