Бүгін: 13.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
"Мектебім, саған мың алғыс!" мектеп бітіру іс-шарасы
Құрметті түлектер!
Бүгін – сіздер үшін мектепте есте қалар сәт.
Осы жылдар бойы жинаған білім, тәрбие мен өмірлік дағдыларыңыз алдағы үлкен өмір жолына нық басуға көмектеседі деп сенеміз.
Сіздерге ақ жол, биік белестерді бағындыру мен армандарыңызға жетер табандылық тілейміз.
Ұстаздар мен ата-аналар үмітін ақтап, ел игілігіне еңбек ететін абзал азамат болыңыздар!
Сәт сапар, жас түлек! Болашақтарыңыз жарқын болсын! 🌟
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында /Момышұлы, 5/ Астана қалалық полиция департаментінің өкілдерімен және Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп омбудсмендері Сеилбай Әйгерім мен Әуезханова Еркеназ қатысты.
 
 
 
Бүгін мектебімізде “Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі” атты Жұлдыздар шеруі жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында белсенді өмір салтын ұстанатын, спортта, білімде ерекше көзге түскен оқушыларымыз бен ұстаздарымыз марапатталып, өз жетістіктерін паш етті.
"Үздік жаттықтырушы" номинациясымен Кайркулова Жанат Алданазаровна.
"Үздік сынып жетекші" номинациясымен Жумабаева Камшат Куптуилеуовна.
"Үздік оқушы" номинациясымен 10 "А" сынып оқушысы Түнатар Райана МАРАПАТТАЛДЫ.
Салауатты өмір – табысты болашақтың негізі дей келе, бүгінгі барлық марапатталған оқушыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймыз!
  
 
 
  
 
 
Оқу жылының соңында оқушылардың арасынан дарынды, білімді, тапқыр, көшбасшыны анықтау мақсатында
5”А” сынып оқушыларының арасында “Сынып көшбасшысы-2025” сайысы өткізілді.
Сайысқа сыныптың барлық оқушылары қатысты.
Сайыс 5- кезең бойынша өткізілді.
Сайысқа пән мұғалімдері қазылық жасады.
Сайыс қорытындысында барлық кезеңнен оза шапқан, ұпай санымен алда болған Ясын Рамазан жеңіске жетті.👏
Бүгін мектебімізде “Жас таланттар – жарқын болашақ кепілі” атты Жұлдыздар шеруі өтті!
Білім мен өнер жолында талмай ізденіп, биік белестерді бағындырған оқушыларымыз марапатталып, өз өнерлерін ортаға салды.
Олардың әр жетістігі – ертеңгі күннің жарқын бастауы!
Жас таланттарға тек сәттілік пен шабыт тілейміз!
💐💐
 
 
АӘ және технологиялық курсына қатысқан барлық оқушылар мектеп-лицейінің грамотасымен марапатталды.
Пневматикалық винтовкадан ату бойынша:
🥇І орын Исатай Алихан
🥇І орын Зауренбек Бексұлтан
🥇І орын Сағидуллаев Әлдамир
🥈ІІ орын Хакимджанов Али
Жалпы әскери газ толымын кию бойынша:
🥇І орын Мамраев Амир
🥈ІІ орын Азизов Айдос
🥉ІІІ орын Сағидуллаев Әлдамир
Автоматты бөлшектеп жинау бойынша:
🥇І орын Зауренбек Бексұлтан
🥈ІІ орын Жакупбеков Алижан
Гранат лақтыру бойынша:
🥇І орын Асан Асылжан
🥈ІІ орын Исатай Алихан
🥉ІІІ орын Советов Саят
Дене дайындығы бойынша:
🥇І орын Кенжетаев Исмаил
🥈ІІ орын Зауренбек Бексұлтан
Марапат иелерін құттықтаймыз!💐💐
  
  
  
 
 
 
2 "Ә" сынып оқушысы Мұрат Ернат дзю-додан ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз🇰🇿👏💐
Возможно, это изображение 11 человек и люди занимаются боевыми искусствами
 
 
 
5-8, 10-11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында эссе байқауы өтті.
Байқау нәтижесі бойынша үздік оқушылар марапатталды.
🔹"Заң және тәртіп" тақырыбы бойынша:
1-орын:
Ғабидолла Аружан – 6 «Г» сыныбы
2-орын:
Жанай Алишер – 9 «Ә» сыныбы
Тауреат Кәусар – 7 «Ә» сыныбы
3-орын:
Жанибекова Арай – 5 «В» сыныбы
Маханбет Жансая – 8 «А» сыныбы
Закирджанова Жұлдыз – 6 «Д» сыныбы
🔹"Адал азамат" тақырыбы бойынша:
Бақберген Алтынай -10 "Б" сынып оқушысы. 1-орын.
Жолмырзаева Жанель - 10 "Б" сынып оқушысы. 2-орын.
Шермаханбет Балнұр - 10 "Б" сынып оқушысы. 3-орын.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жастардың елжандылық рухын арттыру – болашаққа салынған сенімді негіз!
 
 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 4-күн.