Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
"Мектебім, саған мың алғыс!" мектеп бітіру іс-шарасы
Құрметті түлектер!
Бүгін – сіздер үшін мектепте есте қалар сәт.
Осы жылдар бойы жинаған білім, тәрбие мен өмірлік дағдыларыңыз алдағы үлкен өмір жолына нық басуға көмектеседі деп сенеміз.
Сіздерге ақ жол, биік белестерді бағындыру мен армандарыңызға жетер табандылық тілейміз.
Ұстаздар мен ата-аналар үмітін ақтап, ел игілігіне еңбек ететін абзал азамат болыңыздар!
Сәт сапар, жас түлек! Болашақтарыңыз жарқын болсын! 🌟