Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🪕Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын "Аспаптық өнер" номинациясы бойынша 10-12 жас аралығында өткен қалалық сайыстан II орын иеленді. Жетекшісі:Өмірзақ Ертай Өмірзақұлы.
 
🎤Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Ғанимет Айдана заманауи би "KUNOICHI" номинациясы бойынша І орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бауыржанқызы Аяулым.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
  
   
?? "Бала медиа" конкурсынан эстрадалық вокал жанры бойынша 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИ жеңіп алды.
Сондай-ақ оқушымыз "Балапан" телеарнасына сұхбат беріп, өз жетістіктерімен бөлісті.
Мансұрға өнерің өрге жүзсін, тек биіктерден көріне беруіне тілек білдіреміз.
 
   
Балаларға арналған OPEN FEST "BALA MEDIA" фестиваліне мектебіміздің "Шабыт" ансамблі "Күй шашу" попурри күйін орындап (жетекшілері Б.Ш. Шампетов, С.Г. Байтайлякова), ГРАН ПРИГЕ ие болды.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар "Шабыт" ансамбліне 30 000 теңгенің сертификатын табыстаса, жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлын АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.
Өнерлі оқушыларымыздың жеңісті күндері көп болсын!
?????????????????
  
  
Балалар музыка мектептері, балалар өнер мектептері мен жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы ХХІ қалалық "Күй қайнары" атты күй тартыс байқауында өнер көрсеткені үшін 8 "Д" сынып оқушысы Сағатова Жанайым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Жанайымға арманың асқақ, болашағың жарқын болсын деп тілек білдіреміз.
?"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" "Өнер мен құндылықтар" жобасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы қалалық "Күмбірлеген домбыра үні" өнер байқауының "Домбыра" номинациясы бойынша І орынға ие болған 10 "А" сынып оқушысы Төкен Толғанай ДИПЛОММЕН марапатталды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Жетістігіміз құтты болсын!
   

?? Өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, шығармашылықтарын жандандыру мақсатында қалалық "Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы" эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Берікбол Алтайұлы.

"Көңілдің асыл пернесі..." ІІІ халықаралық шығармашылық байқауының (Грузия, Татарстан, Россия, Украина, Қазақстан мемлекеттері арасында өткізілген) "Бабамнан қалған кең дала" номинациясында ІІІ орын иеленген 10 "Б" сынып оқушысы, мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының президенті Ермекова Гульназ МАДАҚТАМАМЕН марапатталды.