Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Сәлеметсіздер ме ! Құрметті әріптестер ! Жаңа оқу жылына дайындық аясында қала мектептерінде әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
Аталған материалдық көмек «Жалпы оқу қоры» есебінен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған және мектептегі коллегиялық органның анықтауымен басқа да мұқтаж мектеп оқушыларына беріледі.
Көмек ата-аналардың карточкалық шотына ақшалай қаражат аудару арқылы беріледі. Биыл ағымдағы жылға ақшалай көмектің мөлшері 41 000 теңгені құрайды.
Материалдық көмек алу үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі электрондық үкімет порталы арқылы немесе жергілікті жерде жұмыспен қамту орталығына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алуға онлайн өтініш береді. АӘК алмайтын, бірақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларды есептеу тетігі АӘК алушылардың тетігіне ұқсас. АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі және тиісті ақпараттық жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады.
Жекелеген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алу кезеңінде қаржылық және материалдық көмек алу үшін құжаттары оқу жылына бір рет қана расталады.
Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек. Шығындарды растау үшін чектер, түбіртектер және сатып алынған заттар фотосы қажет болады.

Құрметті ата-аналар!!!
Жаңа оқу жылына дайындық аясында облыс мектептерінде әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры (всеобуч):
1. атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын отбасылардағы балаларға;
2. жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы балаларға;
3. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4. төтенше жағдайға тап болған және басқа да
мұқтаж мектеп оқушыларына беріледі.
Ақшалай қаражат мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру мақсатында карточкалық шотқа аударылады. Бұл отбасыларға қажетті оқу құралдарын сатып алуға және балаларды оқу жылының сәтті өтуі үшін қажетті заттардың бәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
*Материалдық көмек алу үшін мектепке өтінішпен жүгіну қажет. *
Өтініш Қамқоршылық кеңеспен қаралатын болады. Көмек көрсету туралы шешім отбасылық жағдайды талдағаннан кейін қабылданады.
*Биыл ағымдағы жылға ақшалай көмектің мөлшері 41 000 теңгені құрайды. *
Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек.
Шығындарды растау үшін чектер немесе түбіртектер қажет болуы мүмкін.
Мұндай бақылау жүйесі бөлінген қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуына кепілдік береді.

 

Анықтама

 

2022 жылғы 15-30 қыркүйек күндері  аралығында 1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дутбаева А.Қ., мектеп әкімшілігі және мектеп психологтары  Журкеева А.Ж., Игілік А.И.  1-сынып ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында «Өз балаңа үлгілі бол» атты Республикалық семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша            ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен белсенді ынтымақтастығыннығайту.
            Оқушылардың ата-аналары үшін аса маңызды үш «Б» заңы (Бейімдеу, Бедел, Белсенділік) ескерту және қолдау туралы айтылып, сынып жетекшілерімен, мектептің оқу үдерісімен танысып, бала бәрбиесінде, 1-ші сынып оқушысында кездесетін қиындықтар және оның алдын алуға байланысты психолог мамандардың пайдалы кеңестері тыңдалды. Іс-шараға 83-ге жуық ата-аналар, 1-11 сынып жетекшілері қатысты.
        Кездесу соңында ата-аналар тарапынан балаларының басты әрекеті оқуға бейімдеу, мектеп өміріне белсенділік танытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерін кеңес ретінде ұсынған мектеп педагог-психологтарына алғыстарын айтып, оқушы алдында алғашқы ұстаздың беделінің зор екендігін арттыруға өз үлестерін қосатындықтарын білдірген ата-аналар да болды.
        Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтып өтті және мектеппен бірлескен жұмысты ата-аналар тарапынан жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады. Мектеп әкімшілігіне, ұйымдастырушыларға ата-аналар тарапынан алғыстар айтылды.