Құрметті ата-аналар!!!
Жаңа оқу жылына дайындық аясында облыс мектептерінде әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры (всеобуч):
1. атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын отбасылардағы балаларға;
2. жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы балаларға;
3. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4. төтенше жағдайға тап болған және басқа да
мұқтаж мектеп оқушыларына беріледі.
Ақшалай қаражат мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру мақсатында карточкалық шотқа аударылады. Бұл отбасыларға қажетті оқу құралдарын сатып алуға және балаларды оқу жылының сәтті өтуі үшін қажетті заттардың бәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
*Материалдық көмек алу үшін мектепке өтінішпен жүгіну қажет. *
Өтініш Қамқоршылық кеңеспен қаралатын болады. Көмек көрсету туралы шешім отбасылық жағдайды талдағаннан кейін қабылданады.
*Биыл ағымдағы жылға ақшалай көмектің мөлшері 41 000 теңгені құрайды. *
Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек.
Шығындарды растау үшін чектер немесе түбіртектер қажет болуы мүмкін.
Мұндай бақылау жүйесі бөлінген қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуына кепілдік береді.