Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгін мектебімізде ерекше форматта өткен “Қаныш және ғылыми майдан” атты оқырман конференциясы өз мәресіне жетті. Шара барысында 9-сынып оқушылары Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылымдағы орасан зор еңбегі туралы ой қозғап, тың мәліметтермен бөлісті.
⠀
Оқушылар өз баяндамаларында Қаныш Имантайұлының ғылымға қосқан үлесін, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегін талдап, ұлы тұлғаның өнегелі жолын тереңінен танытты.
⠀
Бұл конференция жас буынның ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мақтаныштарымызды ұлықтауға үлкен үлес қосты.
Кітап – баланың ойыны мен қиялына шексіз әлем ашады.
Бүгінгі мереке балаларымызға оқу, шығармашылық және жаңа әлемдерді тануға шабыт берсін. Кітап оқудың қуанышын бөлісейік, оқуға қызығушылықты арттырайық!
Наурыз мерекесіне арналған "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджі.
Мақсаты: білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру.
«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана босанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» — деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Балалар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсетіп, ән айтып, би билеп, түрлі ұлттық ойындар ойнады.
Әр бала Наурыздың шапағатын сезініп, бұл мерекенің мәні мен маңызын ұғынды. Осындай шаралар арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа ырыс пен береке әкелсін!
Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
Қазақ халқы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді қастерлейді.
Бесікке салу, ат қою, тұсаукесер, тілашар, наурыз бата, сүйінші сұрау, көрісу осындай салт-дәстүрлер бойынша 6-сынып және 10 "А", 11 "В" сынып оқушылары сахналап, көрініс көрсетті.
Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде «Мектепте инклюзивті орта қалыптастырудың маңызы» тақырыбындағы қалалық семинар - практикум
2025 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 61 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде Білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
№61 мектеп – лицейі келген қонақтарды «Шабыт» оркестрінің сүйемелдеуімен «Сарыарқа», «Балбырауын», «Жұмыр қылыш» күйлерімен қарсы алып Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен таныстырды.
Семинарда педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ, білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісіндегі пән мұғалімдердің ашық сабақтары арнайы мамандардың КПИО педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығында «ArtikMe» смарт айна (ақылды айна), инклюзивті білім беруде оқушыларға Нейро жаттығудың пайдасы, саз балшықпен жұмыс, психологтардың бөліскен іс-тәжірибелері оң нәтиже көрсетті.
Жалпы семинар инклюзивті орта қалыптастырудағы әкімшілік, ата-ананың, педагогтің, арнайы мамандардың рөлдері бойынша төрт бөліммен жоспарланған.
Жоспарланған жұмыстар теориямен басталып практикамен ұштасып, өз мақсатына жетті.
Семинарға жиыны 111 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.