Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгін мектеп кітапханасында наурыз күніне арналған "Наурыз - думан" атты кеш 6 "Ә" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Барысы:
1. Наурыз думан.
2. Дүниежүзі халықтарының мерекесін тойлау дәстүрі.
3. "Сен салт-дәстүрді білесің бе?" жасырын сұрақ ойын.
4. Ата салтың қазынаң. Ән: "Қазақы дастарханым".
5. Наурыз бата.
Мерекелік кешке белсене қатысып, өз өнерлерімен бөлісті.
Бүгін "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында мектеп кітапханасында 6 "Б" сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Балалық шақтың жыршысы" атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеште "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіліп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина ойыны өткізілді.
"Бәйтерек" өлеңі оқылды. "Балалық шақтың жыршысы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
"Жасыл мектеп" жобасы бойынша көктемнің алғашқы айында мектебіміздің гүлдерін күтіп бағу , оқушыларды еңбекке баулу мақсатында 5-7 сыныптар арасында “Гул-сұлулық символы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Оқушылар мектептің гүлдерінің түбін қопсытып, тазалау жұмыстарын жүргізді.