Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
,,Дала қоңырауы" атанған Ыбырай Алтынсарин мұрасын насихаттауға, балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға арналған Ыбырай оқуларына 5 сынып оқушылары белсенді түрде атсалысты.
Оқушылар ақынның әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін жатқа оқып, шығармаларынан сахналық қойылым көрсетті.
Ақын шығармалары мен өмір жолына, шығармаларындағы түйінді мәселелерді анықтауға арналаған сұрақ-жауап кезеңінде оқушылардың ерекше дайындықтары байқалды.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара қызықты деңгейде өтті.
Челлендж мақсаты: Әскери-патриоттық және рухани құндылықтарын әскери тәртіпке баулу. Өз Отанының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Эстетикалық, патриоттық сезімдерін ояту.
Челлендж міндеті – Патриоттық тәрбиені, өзінің халқына деген
сүйіспеншілікті және Отан қорғаушылар беделін арттыру.
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
2 ақпан күні мектепалды даярлық сыныптарында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды білуге, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей сайыс барысында оқушылар ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері жатқа айтып, ойларын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға талпынды. Балалардың ана тілінде сөйлеу шеберлігі артып, сөздік қоры молайды.
Бүгін 6 "В" сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында "Сөздің көркі -мақал" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.