Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
- "Щелкунчик және төрт патшалық" шоу қойылымы.
-"Шырша ойыншықтарының саяхаты" жаңа жылдық ертегісі.
✅ «Гендерлік зорлық-зомбылық» ұғымы жыныстық белгі негізінде жасалған кез-келген зорлық-зомбылықты білдіреді, яғни, зорлық-зомбылық әйелге қатысты жасалады.
✅ Гендерлік зорлық-зомбылық немесе әйелге қатысты зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты көптеген таптаурын бар, бірақ іс жүзінде мұндай жағдайлар кез келген әйелде болуы мүмкін.
✅Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ауқатты және кедей, білімді және сауатсыз, тұрмыста немесее басы бос болуы мүмкін.
✅Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауы бойынша әрбір бесінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Басқа зерттеулерде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет өзіне қатысты зорлық-зомбылықты бастан өткергені туралы деректер келтірілген.
✅ Тұрмыстық зорлық-зомбылықты орындаушылар таныс, дос, отбасы мүшесі, көбінесе бұл жәбірленуші білетін адам.
✅ Олай болса 10-11 сынып оқушылары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттер..» тақырыбында пікірсайысып, өз ойларын ортаға салды.
 
?Кешке халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақынымыз, белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанұлы қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ақыннның ,,Үзіліп түскен тамшы бұл..." атты өлеңдер жинағынан жыр шумақтарын оқып, өлең оқуға деген ынталарын танытты.
?Сондай-ақ автордың ой-пікірін тыңдап, ақынның өзі айтқан тамаша естеліктермен танысты.
 

"Тазалық" челленджі. 7 "Г" сыныбы.

?"Мейірімділік жүректен, қайырымдылық білектен" атауымен
10 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Ешимова Нургуль Абдухакикатқызымен бірге мектептің кіші қамту қызметкерлеріне арнап ыстық тағамдарын ұсынды.
Осындай мейірімділік пен қайырымдылық аясында көптеген шаралар өткізіп тұрса, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз.
Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.
 
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы үзіліс кезінде 6-сынып оқушылары арасында қол күрес ойынын ұйымдастырды.
Жеңімпаз 6 "Б" сынып оқушысы Габдолла Бекарыс.
XII ғасырдан бастау алған өзін-өзі басқару ұғымы білім саласына патшаларға, императорларға және рим папаларына бағынғысы келмеген бірінші университеттердің тәжірибесінен келген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы белсенді азаматтық тұрғыдан тәрбиелеуге және көшбасшылыққа үйренуге жақсы тәрбие ошағы болып табылады. Өзін-өзі басқару тарихы екі ғасырдың жалғасын алып жатыр. Батыста пайда болып 18 ғасырдың аяғынан бастап көптеген европалық мектептерде қолданыста бар.
9-10 сынып оқушылары «Бұл палата мектепте өзін-өзі басқару ұйымы болу керек деп есептейді..» тақырыбында пікірсайысып , өз ойларын ортаға салды.

      

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы үзіліс кезінде 5-сынып оқушылары арасында қол күрес ойынын ұйымдастырды.
Жеңімпаз 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын.
♟Қалалық шахматтан жарыста 5 разряд нормасын орындап, І-ІІ орындарға ие болды. Атап айтсақ:
1. Кенесары Алмаз-3 "А" сыныбы.
2. Арапбек Ернұр-3 "В" сыныбы.
3. Айазбаева Алсу-2 "Ә" сыныбы.
4.Суйінбек Ильдар-3 "Б" сыныбы.
Бапкері Булгиев Бақтығали Темірғазыұлы. Құттықтаймыз?