Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
«Шет елде оқудың артықшылығы мен кемшілігі.. » тақырыбында пікірсайысы
Жақсы білім — бұл әрқайсымызға жақсы жұмыс тауып, жоғары табыс табу үшін қажет негіз.
Отандық білім беру деңгейі әлемдегі ең жоғары деңгейден алыс және шетелде білім алудың айтарлықтай артықшылықтары бар. Сондықтан көптеген адамдар шетелге баруға және сол жерде оқуға тырысады. Апта, ай немесе тіпті бірнеше жыл болсын – бұл тәжірибе. Ол, сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге және бәсекелестік өте жоғары әлемде артықшылыққа ие болуға көмектеседі.
Ерте жастан бастап, айналасындағылар шетелде оқу керемет, беделді және қызықты екенін айтады. Бірақ шетелде білім алудың артықшылықтарын ғана табуға бола ма? Кемшіліктері қандай?
Міне, осы тақырыпта 9-10 сынып оқушылары «Шет елде оқудың артықшылығы мен кемшілігі.. » тақырыбында пікірсайысып, өз ойларын ортаға салды.
Бүгінгі таңда елімізде қарттарға арналған жүзге жуық мекеме тіркелген.
Осыған байланысты, қарттар үйінің пайдалы және пайдасыз жақтарын саралап көргеніміз жөн.
Осы тақырыпқа байланысты мектебіміздің «Парасат» ИДК ойыншыларынан құралған 9-10 сынып оқушылары «Бізге қарттар үйі керек пе?» тақырыбында пікірсайыс өткізіп, өз ойларын ортаға салды.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?
Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.
"Оқуға құштар мектеп" аясында 22 қыркүйек - Тілдер мерекесіне орай ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған "Ана тіліне тағзым" атты жыр сағаты 4 "В" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
М.Әлімбаев туралы білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармаларымен таныстыру.
Ақынның және басқа да ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа айтқыза отырып, мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
Астана қаласы №5 қалалық емханасының "Шуақ" жастар денсаулық орталығы мамандары 5-6 сынып оқушыларына "Тұрмыстық және жол-көлік жарақатының алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.