Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
"Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" сазды бағдарлама.
(Тіл апталығының жабылу салтанаты)
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?
Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.
Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз.
Ана тілімізді құрметтей білейік!