Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарды дамыту мақсатында мектебімізде 7,8,9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында волейболдан жарыс өтті.

Волейболдан өткен жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар МАДАҚТАМАМЕН марапатталды.

Кейбір ата-аналар "Үздік ойыншы" номинациясына да ие болды.

Жарысқа белсене қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды айтамыз!

 

 

Мектебімізде шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-5 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат жарысы ұйымдастырылып, өткізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

  Астана қаласындағы Сәтбаев пен Мұнайтпасов көшелерінің қиылысында орналасқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңселі ескерткіші жанынан «Ұлылар сөзі» атты гранит тастардың ашылу салтанаты өткізілді.

Академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші алаңында өткен іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің студенттері және мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Ашылу салтанатын Түркия елінде жеңімпаз болған мектебіміздің "ШАБЫТ" домбыра оркестрі «Балбырауын» күйімен бастап, рәсімді ҚР Парламенті сенатының депутаты, академик, Қ.Сәтбаев халықаралық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нухұлы ашты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары: академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, академик Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева, академик Алтынбек Нухұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев, Астана қаласының Мәслихат хатшысы - Ерлан Ермекұлы Каналимов, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов құттықтау сөз сөйледі.

Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

Мектебімізде Қаныш Сәтбаев Имантайұлының құрметіне орай Несіпбек Айтұлының «Қаныш» поэмасының тұсаукесер кеші өтті.

Кеш қонақтары:

-ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик, Қ.Сәтбаев халықаралық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек НУХҰЛЫ;

-Ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қаныш» поэмасының авторы Несіпбек АЙТҰЛЫ;

-Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік музыкалық драма театрының актеры Нартай САУДАНБЕКҰЛЫ болды.

Мектебіміздің «Шабыт» домбырашылар ансамблі «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін шертіп, қонақтарды қарсы алды.

Кешіміздің шымылдығы оқушылар «Қаныш» поэмасынан үзінділер оқи отырып көлеңкелі театр қойылымымен ашылса, ары қарай кешіміз қадірменді қонақтарымыздың үлгі-өнегеге толы сыр-сұхбатымен жалғасын тапты.

Кеш қонағы Алтынбек НУХҰЛЫ ағамыз мектебіміздің директоры Ернұр Аханұлына Қаныш Сәтбаев медалі төсбелгісін тақты.