«Гендерлік зорлық-зомбылық» ұғымы жыныстық белгі негізінде жасалған кез-келген зорлық-зомбылықты білдіреді, яғни, зорлық-зомбылық әйелге қатысты жасалады.
Гендерлік зорлық-зомбылық немесе әйелге қатысты зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты көптеген таптаурын бар, бірақ іс жүзінде мұндай жағдайлар кез келген әйелде болуы мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ауқатты және кедей, білімді және сауатсыз, тұрмыста немесее басы бос болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауы бойынша әрбір бесінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Басқа зерттеулерде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет өзіне қатысты зорлық-зомбылықты бастан өткергені туралы деректер келтірілген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты орындаушылар таныс, дос, отбасы мүшесі, көбінесе бұл жәбірленуші білетін адам.
Олай болса 10-11 сынып оқушылары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттер..» тақырыбында пікірсайысып, өз ойларын ортаға салды.