Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
2 ақпан күні мектепалды даярлық сыныптарында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды білуге, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей сайыс барысында оқушылар ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері жатқа айтып, ойларын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға талпынды. Балалардың ана тілінде сөйлеу шеберлігі артып, сөздік қоры молайды.